Білім • 28 Наурыз, 2024

30 жылдығы аталып өтті

105 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Maqsut Narikbayev University-дің 30 жыл­дығына орай салтанатты іс-ша­ра ұйымдастырылды. Ме­ре­­келік жиын университеттің бұрынғы және қазіргі профессорларын, оқы­ту­­­шыларын, түлектерін және қыз­мет­керлерін біріктір­ді, бас-аяғы іс-ша­раға 5 мыңнан аса қонақ қ­а­тыс­ты.

30 жылдығы аталып өтті

Салтанатты жиында сөз алған Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев: «Бүгін біз университетіміздің 30 жылдық мерейтойына орайластырған өте маңызды оқиғаға жиналдық. 30 жыл өте аз сияқты көрінгенімен, біздің қызметкерлер, оқы­тушылар және түлектеріміздің арқасында уни­верситетіміз елеулі нәтижеге жетіп, үлкен жолдан өттік. Өздеріңіз білетіндей, біздің басты миссиямыз – ел мүддесіне қызмет ету. Осы орайда аталған қағидатымызды орындау үшін қажырлы еңбек еткен әрбір Maqsut Narikbayev University мүшесіне шын жүректен алғысымды білдіремін», деді.

Кеш бағдарламасы аясында университет туының ашылу рәсімі өтті. Тудың ауданы 850 шаршы метрді құрады, аталған атрибут университеттің білім беру және қоғамдық кеңістіктегі күші мен маңыздылығын көрсетті. Осыған қоса мерейтой аясында университет мек­тептері арасында жарыс өткізілді. Бұл сайыста уни­верситеттегі төрт мектеп және әкімшілік-басқару пер­соналы «Университетті үздік құттықтау» атағы үшін өзара таласты. Аталған доданың жүлде қоры 5 млн теңгені құрады. Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, қа­тысушылар бұл шараға үш ай бойы дайын­да­л­ған. Уни­верситетті үздік құттықтау байқауында «Жо­ғары құқық» мектебі жеңіске жетті. Студенттер мен оқы­ту­шылардың бірлесе ұсынған шығармашылық өнер­лері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Оқырмандарға ақпарат ретінде қоса кетейік, Maqsut Narikbayev University тарихы 1994 жылы 14 наурыздан бастау алады. Ал университеттің баспасөз қызметі тартқан дерекке сүйенсек, осы уақыт ішінде университет өз миссиясына сай, яғни Қазақстан халқына қызмет етуді басты қағидаты санайтын 40 мыңға жуық білікті маманды дайындап шығарды. Maqsut Narikbayev University Қазақстанда білім берудің халықаралық деңгейін ұсына отырып, еліміздің университеттері арасында көш бастап тұр. 30 жыл ішінде университет бірнеше ірі жетістікке қол жеткізді. Атап айтқанда, ТМД-да бірінші болып QAA (The Quality Assurance Agency for Higher Education) аккредитациясына ие болды, ACCA, CFA, CIMA, TOLES сертификаттарын алды, сондай-ақ BIG4-те жұмыспен қамту бойынша үздік топ-5 университет құрамына енді. Онымен қоса, университеттің білім беру бағдарламаларының көпшілігі FIBAA халықаралық агенттігімен аккредиттелген.