Қоғам • 29 Наурыз, 2024

Бишімбаев ісі: Нүкенованың жантүршігерлік фотолары көрсетілді

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бишімбаев ісі: Нүкенованың жантүршігерлік фотолары көрсетілді

Бүгінгі сот отырысында бұған дейін еш жерде айтылмаған деректер айтылып жатыр. Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы сот залында қарындасының жантүршігерлік фотосуреттерін көрсетті. 

Фотосурет 2023 жылдың наурыз айында түсірілген. Одан Нүкенованың бет-жүзінің соққыдан көгергенін байқауға болады. 

Айта кетейік, Бишімбаев Нүкенованың барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салған. Қаржылық жағынан өзіне толықтай тәуелді еткен.

  • жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен;
  • 2023 жылдың наурыз айында экс-министр Астанада әйелін ұрған (фотосуретте)
  • Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ағасы қарындасына Бишімбаевпен араласпауға кеңес берген.     

Айта кетейік, айыпталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің «қинау» және «асқан қатыгездікпен кісі өлтіру» баптары бойынша іс қозғалған.