Ең алдымен адамдардың өмірін сақтап қалу маңызды болып тұр. Сондықтан құтқарушылар негізгі күшті су басып қалған елді мекендер мен қыстақтарда қалып қойған тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялауға жұмсап жатыр.
«Бүгінге дейін су тасқынына қарсы біріккен күш құрамындағы құтқарушылар Арқалық өңірінен 375, Амангелді ауданынан 92, Жангелдин ауданынан 126 адамды қауіпсіз жерге алып шықты», дейді жедел штаб өкілдері.
Қостанай облысы