Тағайындау • 29 Наурыз, 2024

Атырау облысының дін басқармасына жаңа басшы тағайындалды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымды Қаһарман Мұсаев атқаратын болды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысының дін басқармасына жаңа басшы тағайындалды

42 жастағы Қаһарман Мұсаевтың екі жоғары білімі бар. Түркия Республикасындағы Сельчук университетінен теолог, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен құқықтану мамандын меңгерген.

Еңбек жолын 2011 жылы «Сема Құрылыс» ЖШС-да бастаған. Бұл серіктестікте 2012 жылғы ақпанға дейін менеджер болып жұмыс істеген.

Кейін «Арма Глобал Сервис» ЖШС-нің сату жөніндегі менеджері болған.

2012 жылдың соңынан бастап осы тағайындауға дейін Атырау облыстық дін істері басқармасында түрлі басшылық лауазымды атқарған.