Қоғам • 30 Наурыз, 2024

Қостанай облысында зардап шеккендерге төлем төлеу басталды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып, су тасқынына қарсы шаралардың барлығы кешенді жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, 3 ауданның аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады, олар –Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласы.

Қостанай облысында зардап шеккендерге төлем төлеу басталды

Өңір әкімі жедел көмек көрсету, барлық мүмкін ресурстарды тарту бойынша нақты тапсырма берді.

«Үйге жарты сағатқа су кірсе де, бұл отбасылар зардап шекті. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмауы тиіс», деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

29 наурыздан бастап ТЖ режимі жарияланғаннан кейінгі күні Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы төлемдер төлене бастады.

Отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгеден 183 адам төлем алады. Шамамен бір отбасына орта есеппен 500-600 мың теңге бөлінеді. Барлығы 18 млн. теңгеден астам төленді.

Бұл төлемдер тұрғын үйді жалға алу, азық-түлік, киім-кешек сатып алу және тағы басқа негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған.

Бірінші кезектегі төлемдерден басқа атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жылжымалы, жылжымайтын мүлік пен мал санын қалпына келтіруге қаражат қарастырылған.

Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпованың айтуынша, тиісті көмек алу үшін залалды бағалау жөніндегі комиссияға жүгінген жөн.

«Өтінішті толтыру, отбасы құрамын көрсету және жеке куәлікті, сондай-ақ қаражатты есептеу үшін карточкалық шотты ұсыну қажет», деп қорытындылады Алма Аутенқызы.

Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде демеушілік көмек тартылады. Ешкім бей-жай қарап қалмайды.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50