Қоғам • 30 Наурыз, 2024

Әскери қызметшілер өңірлерде халыққа жәрдемдесіп жүр

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны кезеңіне байланысты Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Абай, Ұлытау облыстарында әскери қызметшілер түрлі міндеттерді орындап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс ведомствосына сілтеме жасап. 

Әскери қызметшілер өңірлерде халыққа жәрдемдесіп жүр

Фото: Ведомство баспасөз қызметі

Абай облысында әскери қызметшілер Аягөз ауданы Мамырсу ауылындағы дамбыны күшейту үшін 1700 текше метр топырақ әкеліп, 340 метр үйінді жасады. 

02352 әскери бөлімінің он бір әскери қызметшісі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылында жұмысқа кірісті. Мұнда Қара Ертіс өзеніндегі мұздың күрт еруі салдарынан су деңгейі бірден көтерілген. Су тасқынына қарсы шараларға 4 жол талғамайтын автокөлік пен жүк камазы бөлінді. 

Қарағанды облысы әкімінің жазбаша өтініші бойынша облыс орталығынан Шет ауданының Нұраталды ауылына 49 әскери қызметші және «Астана» өңірлік қолбасшылығынан бес автомобиль техникасы жіберілді. Апатты аймақтағы шаралар әрі қарай жүргізіледі. 

Әуе қорғанысы күштерінің ұшу экипаждары облыстарда, атап айтқанда Батыс Қазақстан (Қособа, Қаратөбе, Қоржын, Қозыбас елді мекендерінен), Ақтөбе (Ойыл, Ш.Берсиев ауылдарынан), Қостанай (Қызылжұлдыз, Екідің ауылдарынан) адамдарды көшіріп жүр.   

Наурыздың 27-29 күндері апаттан құтқару шараларына барлығы 480 әскери қызметші, 37 бірлік автокөлік техникасы, 6 тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды.

Қорғаныс министрлігіСу басқан аудандардан 900-ден астам адам көшірілді, оның 90-нан астамы - бала. Еріген қар суына бөгет жасау үшін шамамен 9500 мың құм қапталып, төселді. 300 метр ағын су кәрізі тазартылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамы Алматыдан Орал және Ақтөбе қалаларына жеткізілді.