Аймақтар • 31 Наурыз, 2024

Су тасқыны: Алматы облысында қауіп сейілді

387 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылғы 30 наурызда түс ауа Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жарылған бөгеттің ені шамамен 4-5 метрді құрайды. Ағын су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойынша ағып, одан әрі Амангелді 1 және Амангелді 2 тоғандарына құйылуда, онда барлық шлюздер ашық, су транзиттік режимде өтуде, одан әрі су Қаскелең өзеніне және одан әрі Қапшағай су қоймасына құяды. Толып кетудің алдын алу бойынша үнемі бақылау және мониторинг жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны: Алматы облысында қауіп сейілді

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жақын маңдағы ауылдарды аралап, халықты хабардар еткен. Ауланы аралау нәтижесінде үйлерді су басу жағдайлары тіркелмеген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, түн ортасында 28 адам эвакуацияланған. Зардап шеккендер мен эвакуацияланған адамдарды орналастыру үшін Қараой ауылындағы № 49 орта мектеп және № 18 орта мектептерде 250 орын әзірленіп, тұрғындарды тасымалдау үшін 2 бірлік автобуспен 7 кезекшілік ұйымдастырылды.

Жайнақ ауылы мен Байсейіт ауылы, Қараой ауылы мен Н.Тілендиев автожолында облыстық маңызы бар көпір өткелдерінде су деңгейін мониторингілеу және автокөлік құралдарын өткізу үшін ЖПҚ бекеттері қойылды.

Осы күні орын алған аймақта күштік құрылымдар жұмыс істеуде. Онда жағаны нығайту және төсеу жұмыстарына 250 тонна инертті материал және 3000 қапшық пайдаланылуда. Инженерлік техниканың көмегімен бөгет саңылауын бетон конструкциялармен және топырақпен жабу жұмыстары жүргізілуде.

«ТЖ жоюға Алматы облысы ТЖД, ЖАО, ПД, 28237 ш/б, шекара. Академия 2466 Қараой, РОСО, РЭҚ және Газ қызметінен барлығы 300-ге жуық қызметкер және 70-ке жуық техника жұмылдырылды», – деп хабарлайды Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасаөз қызметі.

Дерек көздеріне сүйенсек, 1910 жылы салынған (114 жыл) Ворошилов су қоймасының бөгеті 2017 жылы 49 жылға сенімгерлік басқаруға берілген.