Қоғам • 01 Сәуір, 2024

Бишімбаев өз кінәсін неге мойындамайтынын айтты

4971 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысында прокурор әлеуметтік желіде сотқа қатысты жарияланымдарды шектеуді талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бишімбаев өз кінәсін неге мойындамайтынын айтты

Сот отырысында Бишімбаевқа сөз берілді. Айыпталушы өз сөзін осы қайғылы жағдайда аса қатігездікпен кісі өлтірмегенін, ондай ойы болмағанын, сол үшін кінәсін мойындамайтынынан бастады.

Сондай-ақ Бишімбаев марқұм әйелінің туысқандарына кінә артып отыр. Айтуынша, Нүкенованың ағасы мен туыстары әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде 5 ай бойы өзіне қатысты жалған ақпараттар таратып, Қуандық Бишімбаевты жаман көрсету үшін жұмыс істеген.

«Салтанаттың денесінде сау жері жоқ, бір көзі ағып кеткен деген ақпараттар тарады. Бірақ негізі олай болған жоқ. Ол шындыққа жанаспайды. Ал маған осының бәрін түсіндіруге мүмкіндік берілген жоқ», деп ағынан жарылды әйелін өлтірді деп айыпталып отырған бұрынғы министр.