Президент • 02 Сәуір, 2024

Президентке Жоғары аудиторлық палатаның алдағы жоспарлары баяндалды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Жоғары аудиторлық палатаның алдағы жоспарлары баяндалды

Фото: Ақорда

Президент Жоғары аудиторлық палатаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді және рационалды жұмсалуын республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін айтты.

Өз кезегінде Әлихан Смайылов мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін жеткізді, сондай-ақ ведомствоның осы жылға арналған жоспары туралы баяндады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.