Таным • 02 Сәуір, 2024

Ғалам ғажайыптары: Жасампаз бала

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ-тың ең үлкен штаты Аляс­каның ресми байрағын жасы небәрі 13 жас­тағы бала ойлап тапқан.

Ғалам ғажайыптары: Жасампаз бала

1926 жылы Аляска губернаторы Джордж Паркс жалаудың нобайын байқау жариялайды. Жа­рыс қоры­тындысында 13 жастағы Аляска тұрғыны Бенни Бенсон үздік танылып, 1 000 АҚШ доллары көлемінде оқу грантын ұтып алады. Ол салған туда аляскалықтарға түнде үнемі жол көрсететін поляр жұлдызы мен Кіші аю шоқжұлдызы бейнеленген. 1927 жылы Беннидің ұсынған жалауы ресми символ ретінде көпшілікке таныстырылды. Ал 1959 жылы Аляска ресми түрде штаттық құрылымға өзгергенімен, көк түсті жалау рәміз ретінде қала берді.

 

Аз қалды...

вап

Әлемдегі әйгілі ұзақмерзімді құры­лыс нысандарының бірі – «Sagrada Familia» ғибадатханасы жақын күндері салынып бітеді.

Испанияның Барселона қаласында орналасқан бұл ғимаратың іргетасы 1882 жылы қаланған еді. Ойлаңызшы, содан бері 142 жыл өтті. Бірақ құрылыс әлі жалғасып келеді. Бір жағы оның ата­ғын аспандатып тұрған да осы ұзақ уа­қытқа созылған еңбек күші. Алайда әйгілі ғимараттың құрылысына жауапты Эстеве Кампс межеге жақын күндері жете­тінін хабарлады. Оның айтуынша, құры­лысты 2026 жылға дейін аяқтау жоспар­ланған. Бұл дегеніміз – осы ғимараттың сәулет­шісі Антонио Гаудидің қайтыс болғанына жүз жыл толуына орай деген сөз. Айта кетейік, сәулетшінің тағы бір ерекшелігі – ол ғимарат жобасын толықтай сызып қоймаған. Басына келген идеяларын араға уақыт салып отырып түсірген екен.

 

Еден жуғыш «Елгезек»

пн

Ақмолалық оқушы Әбіл­мансұр Тө­лепов Смартфон арқылы бас­қа­рылатын еден тазартқыш машина ойлап тапты.

7-сыныпта оқитын өнертапқыштың роботтехникаға қызығушылығы өте жоғары. Ол – жас зерттеушілерге арналған XIX «Зерде» республикалық зерттеу жобаларының «Информатика, роботтехника, STEM инженерия» секциясы бойынша байқауларының жеңімпазы. Әбілмансұр: «Арманым – адамның өмірін жеңілдететін құрылғыларды ойлап табу. Әсіресе анама көмектескім келеді. Өзім­нің болашақ мамандығымды ІТ са­ласымен байланыстырамын», дейді. Жас ғалымның жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Үміт Айтжанованың айтуынша, қазір электроникамен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы прогресс едәуір алға жылжыған. Сонымен қатар ол шәкіртінің еңбегі тазалау үдерісін айтарлықтай жеңілдететінін, жоғары сапа мен тиімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті.