Сенат • 03 Сәуір, 2024

Сенаттың алғашқы төрағасы өмірден өтті

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Қазаны Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сенаттың алғашқы төрағасы өмірден өтті

Фото: senate.parlam.kz

Өмірбек Байгелді – 1996 - 1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғашқы төрағасы қызметін атқарды.

Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын туған жерінде жұмысшы болып бастаған. 1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам еңбек етті.