Оқиға • 03 Сәуір, 2024

Ұлытау облысында түрме қызметкерлері сотталғандарды азаптағаны анықталды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекеме және Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің  қызметкерлері сотталғандарды азаптағанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлытау облысында түрме қызметкерлері сотталғандарды азаптағаны анықталды

Фото: Тимур Батыршин

Мекеменің 7 және Әскери бөлімнің 4, жалпы 11 қызметкері №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғанды кемсіту және сол мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолданып, азаптаған.

Лауазымды тұлғалар мұндай әрекетке өздерінің қылмыстық ісін жасыру үшін барған. Сондай-ақ олар бұл әрекетін басшылыққа тәртіпке бағынбағаны үшін жасалды деп баяндаған.

Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотымен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді. Осы жылдың 26 наурызында іс сотқа жолданды.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35