Қазақстан • 03 Сәуір, 2024

Бишімбаевтың соты халық арасында үлкен шу туғызды - психолог

1116 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Психологтер неліктен Қуандық Бишімбаевтың соты мыңдаған халықтың қызығушылығын тудырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бишімбаевтың соты халық арасында үлкен шу туғызды - психолог

Фото: Жоғарғы сот

Жоғарғы Соттың шешімімен 29 наурыздан бастап экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 

Психолог Валерия Әлімжанова Салтанат Нүкенованы өлтіру процесіне деген қызығушылық қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасының өзектілігімен байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жағдайда көптеген әйелдер қорлық көріп отыр.

«Өкінішке қарай, біздің күйеулеріміз әйелдерін ұрып-соғады және бұл жағдай көпшілікті алаңдатады.Ол бай отбасынан шыққан, шетелде оқыған, экономика министрі болған. Бұл іс  туралы кез-келген басылымдарда оның бұрынғы экономика министрі болғаны туралы факт жоққа шығарылмайды. Оның әлі күнге дейін жазаланбағаны осымен байланысты сияқты. Мұндай озбырлыққа адамдар наразы», деді психолог.

Валерия бұл процесте сотталушының мінез-құлқы  халықтың  назарын аударғанын атап өтті. Бұл көптеген адамдарды тікелей көрсетілім  астында өз пікірлерін  жазуға, процесс барысын талқылауға, белсенді қатысуға ынталандырды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарындағы хайп өз рөлін атқарады. Процесс шоуға айналады. Кейбіреулер үшін сот сериалдың бір түрі, біреудің өмірін бақылау мүмкіндігі болды», деп қоса кетті Әлімжанова.

Психолог-психотерапевт Найля Зандарова бұл үдеріс екі негізгі себеп бойынша халықтың үлкен қызығушылығын тудырғанын атап өтті. Біріншісі-әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тақырыбы, ол біздің қоғамда сирек жарияланады. Көптеген адамдар үшін бұл тақырып ұят, сондай-ақ мұндай істің мән-жайы кейін алғаш рет егжей-тегжейлі бүкіл елге мәлім болды.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  құрбандары үшін бұл мән-жайды ашық айтуға болатыны туралы үміт сыйлайды. Мұндай жағдайлар туралы айтуға, оларды бүкіл елге жариялауға және қоғамның қолдауына ие болуға, сондай-ақ кінәліні жауапқа тартуға болады екен деген ой қалыптасады. Бізде көптеген жылдар бойы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық тақырыбы еленбегені, қоғам көбінесе агрессордың жағында болғаны үлкен мәселе. Көбінесе әйелдің өзі кінәлі болды. Көптеген адамдар үшін бұл жеке азап, сондықтан Салтанат Нукенованы өлтіру мәселесі үлкен резонанс тудырды. Біздің елде зорлық - зомбылықтың қандай да бір түріне тап болмайтын әйелдер аз және олар бұл туралы айтуға және әділеттілікке қол жеткізуге болатынын көріп отыр», деп атап өтті психолог.

Психотерапевттің пікірінше, бұл іске қоғам  қызығушылығына әсер еткен екінші фактор - бұл істің қатысушысы бұрынғы шенеунік, билікке ие адам болғаны.

«Бұл сіз бай және күшті болсаңыз да, сіз әлі де заң алдында көрініп, өз әрекеттеріңіз үшін жауап бере аласыз деген әңгіме. Элитадағы адамдар өздері қалаған нәрсені жасай алмайды. Бұл шын мәнінде біздің қоғамдағы өте ауыр мәселе - әділдік табуға деген ұмтылыс», деп қосты Найля Зандарова.

Психолог бұл процестің тікелей эфирде көрсетілуі өте дұрыс іс болды деп санайды, өйткені ол халыққа соттың әділ шешім шығаратындығына сенім ұялатады.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесіп, Салтанат Нүкенованың өлімі туралы іс бойынша тапсырма берді.

«Заң бәріне бірдей болуы керек. Қоғамдағы әділеттілік - бұл азаматтардың заңдылықты нығайту жолындағы ынтымақтастығы. Әділ Қазақстан - заң мен тәртіп орнаған ел», деді  Президент.

Кейін Мемлекет басшысы Салтанат Нүкенованың ісін жеке бақылауға алғаны белгілі болды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті