Қоғам • 03 Сәуір, 2024

«Пальтоң енді саған керек болмайды» - Бишімбаев нені меңзеген?

477 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр. Кезекті сот отырысында Бишімбаев қайғылы оқиға бойынша өз нұсқасын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

«Пальтоң енді саған керек болмайды» - Бишімбаев нені меңзеген?

Дәл қазір сот отырысына қатысушыларға Бишімбаев пен Нүкенованың 2023 жылы 8 қарашада, «Қазақстан» ОКЗ-дан шығып келе жатқандағы видеосы көрсетіліп жатыр. 

Видеода айыпталушының марқұм әйеліне дауыс көтеріп, «пальтоңды осындағыларға сыйлай сал, енді оның саған керегі жоқ» деген сөзін анық естуге болады. 

Осыған байланысты прокурор Бишімбаев өз нұсқасында  «Салтанат өзі пальто керек жоқ деп тастап кетті» деп, жалған мәлімдеме бергенін алға тартты.