Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Сенаторлар аймақтарда тасқын сумен күреске көмектесті

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары су тасқыны болған өңірлерде жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар аймақтарда тасқын сумен күреске көмектесті

Фото: Сенат

Арман Өтеғұлов Батыс Қазақстан облысындағы тасқын су жағдайымен танысты. Сенатор су басқан аудандарды аралап, тасқын суға қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік жедел штабтың жұмысына үлес қосты.

Депутат тасқын судан зардап шеккен батыс қазақстандықтармен де кездесті. Сенатор халықтың жағдайымен танысып, тұрғындардың проблемаларынан хабардар болды, су тасқынынан келген шығынды бағалау мен өтеу мәселелерін талқылады.

Сергей Ершов Қарағанды облысындағы Шет ауданында болып, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындармен, облыстық мәслихат депутаттарымен және облыс басшылығымен кездесті. Жүздесулерде тасқын суға байланысты алдағы қауіп-қатердің алдын алу тетіктері талқыланды.

Сенатор сондай-ақ Нұра өзенінің арнасынан төмен орналасқан Бұқар жырау ауданында қаптармен бекіту, инертті материалдарды төгу және қорғаныс бөгеттерін нығайту жөніндегі алдын алу шараларының барысымен танысты.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50