15 Маусым, 2010

ДОСТЫҚ РӘУІШТЕГІ ДИДАРЛАСУ

509 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған палата депутаттары елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мәселесі әңгіме өзегіне айналды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ. Қасым-Жомарт Кемелұлы стр­а­­тегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы бұл сапардың ма­ңыз­дылығын, Қазақстан-Қытай әріп­тестігіндегі басымдықтарды жү­зеге асыруда екіжақты және көп­жақты парламенттік үнқатысудың ерекше­ліктерін атап көрсетті. “Сенат біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтас­тықты нығайтуға және дамытуға жан-жақты жәрдемдесуге әзір”, – деді Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы екіжақты қа­рым-қатынастардың өрістеу си­па­тын атай келіп, оның табысты да­муы екі мем­лекет басшылары – Нұр­сұлтан Назар­баев пен Ху Цзинь­таоның күш-жігері арқа­сын­д­а мүмкін болғанын тілге тиек етті. Қазір әлемде Қытай­дың рөлі жо­ға­ры бағалануда және Қазақстан мен ҚХР-дың халықаралық құры­лым­дар аясындағы ынтымақтас­тығы “жаһан­дық және аймақтық қауіп­сіз­дік мәселелерін шешуде зор маңызға ие”. ҚХР Төрағасы өз кезегінде екі­жақты қатынастардың барысына те­рең қанағаттанатындығын білдіре ке­ліп, Қазақстан мен Қытайдың та­ту көршілік қарым-қатынастар ор­на­тып, жақсы дос және сенімді әріп­тестер болып табы­­латындығын ерек­ше атады. Қазіргі уа­қыттың көкей­кесті мәселелері бойынша өзара қол­даудың маңыздылығына тоқталып өткен Қытай басшысы екі ел арасындағы саяси сенімнің күшейе түсуі қажеттігіне назар аудартты. “Әріптестік қарым-қатынас­тар­ды жоғары деңгейге көтеруге мүм­кіндік көп, деді осы орайда Ху Цзинь­тао. Көп жылдар бойы Қа­зақстан Парламенті мен Қытайдың Халық Өкілдерінің Бүкілқытай Жиналысы Қазақстан-Қытай ын­ты­мақтастығын дамытуға ықпал ете­тін және екі ел халықтары ара­­сын­дағы достықты нығайтуға қызмет ететін тығыз байланыстар­ды қолдап келеді”. Парламент Сенатының Төра­ға­сы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған парла­ментшілер мен Қытай Халық Респуб­ли­касының Төрағасы Ху Цзиньтао арасындағы кездесу дос­тық рәуіште өтті. Жоғары мәрте­белі мейман өзі тарапынан Сенат Төрағасы мен палата депутаттарын қолайлы уақытта ҚХР-ға сапарлап келуге шақырды. БАЙЛАНЫСТАРДЫ ТЕРЕҢДЕТУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстан парламентшілерімен кездесу үшін сенбі күні Парламент Мәжілісіне арнайы келді. Елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесті. Қытай мемлекетінің басшысын қарсы алған Мәжіліс Төрағасы мәртебелі мейманның Қа­зақ­станға келген осы сапарында уақыт тау­­ып, де­путаттармен арнайы кезде­суге келгені үшін риза­шылығын білдірді. Ху Цзиньтао өз кезегінде Қа­зақстан мен Қытай өте жақын көршілер екенін, тарихи және мәдени байланыстары тереңде жат­қанын тілге тиек етті. Дипло­матиялық байланыс ор­натылған он сегіз  жылдан бергі кезеңде екі ел­ арасындағы қарым-қатынастар қарқынды да­мып келеді. Өзара тиімді сауда-экономикалық бай­­­­­­­ла­ныстар өркендеу үстінде. Мәртебелі мей­ман Қазақстан Президенті Нұрсұлтан На­зар­ба­ев­­­пен жүздесу барысында екі елді дамытуға бай­ланысты пікір алмасылғанын жет­кізді. Алдағы уақытта ынты­мақ­тас­тық байланыстың жаңа мүм­­кін­діктері ашы­латынына сенім біл­дір­ді. Мәжіліс Төра­ғасына Қытай пар­ламент­ші­лерінің сәлемін жет­кізе келіп, өз еліне сапарлап келуге шақырды. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы көр­ші елмен  қарым-қатынасты те­реңдету  мемлекеттің басым бағыт­та­­рының бірі екендігін ерекше атады. “Осы орайда парла­мент­аралық байланыстың мүм­кіндігін тиімді пайдалану қажет. Қос мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулері екі елдің қарым-қатынасына жаңа серпіліс береді деп сенемін”, – деді  Орал Байғонысұлы. Кездесуге Мәжіліс Төраға­сы­ның орынба­сар­лары Жәнібек Кә­рібжанов пен Владимир Боб­ров, палатаның салалық комитеттерінің төра­ғалары  Әмзебек Жолшыбеков, Гүлжан Қара­ғұ­сова, Ромин Мә­ди­нов және басқа да адамдар қатысты. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ. ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙЛІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС Маусымның 12-сі күні Астанада Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Тө­рағасы бастаған делегацияның арасында кез­десу өтті. “Меніңше, бүгін Сіздің Елба­сымен, Парламент палаталары басшыларымен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан Үкіметімен өтіп жатқан кездесуіңіз екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға өзіндік үлес қосатыны сөзсіз”, деді Кәрім Мәсімов. Үкімет басшысы Шанхай жерінде өткен бүкіләлемдік “Экспо-2010” көрмесінде Қазақ­стан делегациясына көрсетілген қошеметі үшін алғысын білдірді. “Менің ойымша, шанхайлық бүкіләлемдік “Экспо-2010” көрмесі барша әлемге бүгінде қол жеткізген Қытай Халық Республикасының дамуы деңгейін тағы бір көрсетіп өтті”,–деді Премьер-Министр. Өз сөзінде ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао бү­гінде Қазақстан мен Қытай арасында жоғары дең­гейлі қарым-қатынас қалыптасып отырған­ды­ғын ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақ­станға сапарының табысты өткеніне риза­шы­лығын білдірді, деп хабарлады “ҚазАқпарат”.