Салмағы анау-мынау емес 2,7 кг болатын биік сәукелені тігуге барқыт, жібек, шұға, киіз, кәмшат терісі пайдаланылып, алтындатқан ою-өрнекпен әсемделген, алтын, күміс, ақық, жауһар сынды неше түрлі асыл таспен әрленген.
Сәукеленің анықтамасында «Музейге алғаш келіп түскен бас киімдердің бірі. Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бірегей үлгісі. Аса бай көркемдігімен ерекшеленеді. Қазақ сәукелесі бір-біріне ешқашан ұқсамайды: сыртқы пішіні мен дәстүрлі ою-өрнек құрылымы сақталғанымен, әр бас киімнің безендірілуінде өзіндік ерекшелік бар. Қалыңдық көбіне өз анасы мұраға берген сәукелені киеді де, бір жылдан кейін ғана тұрмысқа шыққан әйелдің бас киімін кию құқына ие болады. Осылайша, әйел затының басындағы сәукеле оның қыз кезіндегі қызық дәуренінен қол үзіп, енді ана болуға аяқ басқан өтпелі кезеңде жүргенін білдіреді», деп жазылған.
Сәукелені музейге тапсырар сәтте 600 рубльге бағаланған. Бұл сол кезде шамамен 60 аттың құнымен пара-пар келген.
Қостанай облысы