Саясат • 05 Сәуір, 2024

Комиссия отырысына қатысты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Сергей Карплюк ТМД Парламент­аралық Ассамблеясының Бюджеттік-бақылау комиссиясының отырысына қатысты.

Комиссия отырысына қатысты

Фото: senate.parlam.kz

Сенатор ТМД ПАА Кеңесінің «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының қызметін қаржыландыру туралы» қаулысының жобасын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Достастық балалары» халықаралық мәдени-білім беру форумын өткізу мәселелерін, сондай-ақ ТМД ПАА Бюджеттік-бақылау комиссиясының 2023 жылғы жұмысының қорытындыларын басқа елдердің әріптестерімен бірлесіп талқылады.

Сонымен қатар комиссияның келесі отырысы өтетін күн мен күн тәртібі де алдын ала талқыланды.