Үкімет • 05 Сәуір, 2024

Күн тәртібінде – әскери-саяси ахуал

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде ТМД-ға мүше елдер қарулы күштері Штабтар бастықтары комитетінің отырысы өтті. Жиынға еліміздің Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб басшысы, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдиновтің басшылығымен Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы да қатысты.

Күн тәртібінде – әскери-саяси ахуал

Фото: gov.kz

Отырыс барысында әлемдегі әскери-саяси ахуалдың белең алу тенденциялары, қауіпсіздікке қатысты сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер мәселелері қаралды.

Кездесуге қатысушылар ТМД-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінің ұйымдық-техникалық құрылымын қалыптастыру, бірлескен байланыс жүйесін құру және оның жұмыс істеу қағидаттары туралы ереженің жобасын талқылады.

Ұшқышсыз басқарылатын құрылғы­ларды қолдануға қарсы іс-қимылды ұйымдастырудың заманауи тәсілдері айтылды. Одан бөлек Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер қарулы күштерінің қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, жауынгерлік даярлық пен далалық оқыту саласындағы өзара іс-қимыл бағыттары қаралды.

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы: ХХІ ғасырдағы әскери ынтымақтастық және қауіпсіздік» атты бірлескен ғылыми еңбек таныстырылды.