Өнер • 05 Сәуір, 2024

Кездейсоқ орындамадым: Бағжан Октябрьдің Салтанат Нүкеноваға арнаған композициясы тарады

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кездейсоқ орындамадым: Бағжан Октябрьдің Салтанат Нүкеноваға арнаған композициясы тарады

Танымал әнші Өктем Алтаевтың ұлы, виолончелист Бағжан Октябрь марқұм Салтанат Нүкеноваға арнап, композиция орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желі қолданушылары мен танымал блогерлер, шоу-бизнес өкілдері жаппай парақшаларында бөлісіп жатыр.

- Бишімбаевтың сотын көріп жатырсыздар ма?! Марқұмды қаралап, түрлі нәрсе айтып жатыр. Оның ойы, “Салтанатты періште көрмей-ақ қойыңдар” дегенге келіп тұр. Өзі сүттен ақ, судан таза сияқты, – деген пікір жазылған онда.

Сондай-ақ, марқұмға арнап, “Гауһартас” фильмінің саундтрегін орындады. Алайда бұл туындының сюжеті мен тарихын білмейтіндер де бар.

- Менің түсінуімше, бұл музыка мен тарихты бәрі бірдей біле бермейді. Мен де кездейсоқ орындаған жоқпын. 1975 жылы түсірілген “Гауһартас” фильмі. Басты рөлдегі қыздың аты – Салтанат. Фильмде оның өмірі қайғылы аяқталады, – деп жазды музыкант.

Желі қолданушылары қоғамды дүрліктірген оқиғаға қатысты түрлі пікір жаудырып жатыр.