![Су тасқынына байланысты бірнеше жол жабылды](/media/2024/04/05/9741250_0_0_1280_720_1920x0_80_0_0_52b66c5d951a74028336f318fadd73e2.jpg)
Фото: sputnik.kz
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.