Фото. Видеоскрин
Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары Ұлттық ұланға қарасты Ми-171Е тікұшағына отырғызылып, Бесқоспа ауылынан Бестамаққа жеткізіліп жатыр. Азаматтар Бестамақ ауылының мәдениет үйіне автобуспен апарылды. Сағат 13:30-дағы ақпаратқа сәйкек, автобус 6 рет рейс жасаған (200 ересек, оның ішінде 80-і бала).
Хабарламада: «Эвакуация кезінде барша тұрғындардан құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан айтылатын хабарландыру, ескертулерге құлақ асып, қажетті құжаттарыңызды алып, үйлеріңізді босатуларыңызды сұраймыз», делінген.