Президент • 05 Сәуір, 2024

Екі ел президенттері өнеркәсіп тауарлары көрмесін тамашалады

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен бірге өнеркәсіп көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі ел президенттері өнеркәсіп тауарлары көрмесін тамашалады

Фото: Ақорда

Павильондарда арнаулы техника, электр техникалық жабдықтар үлгілері, бау-бақша шаруашылығының селекциялық жетістіктері, тоқыма, химия, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі өнімдері, жібек, тері және зергерлік бұйымдар көрмеге қойылған.

Президенттер шекаралас облыстар аумағында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар кластерін құрудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Арал теңізінің табанына сексеуіл егіп, аймақтағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін бірлескен күш-жігер жұмсау қажет екеніне назар аударды.