Қоғам • 05 Сәуір, 2024

Ұлттық құрылтай мүшелері де халыққа жанашырлық танытты

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық құрылтай мүшесі Серік Бектұрғанов Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің жанында орналасқан аудан тұрғындарымен кездесті. Қазір бұл өңірде елуден астам ерікті жұмыс істеп жатыр. Халыққа жанашырлық танытқан ерікті студенттер екінші күн қатарынан жеке үйлердің қақпасы мен іргетасы алдына құм дорбаларын тасып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құрылтай мүшелері де халыққа жанашырлық танытты

Фото: Қостанай облысының әкімдігі

Әкімдік қызметкерлері мен жедел штаб мүшелері су тасқыны болуы мүмкін жерлерде нон-стоп режимінде кезекшілік атқарып жүр. Оқиға орнына барған Серік Бектұрғанов олармен су тасқынына қарсы іс-қимыл және зардап шеккендерге көмек көрсету тетіктерін талқылады. Ол еріктілерге ризашылығын білдіріп, көмегі үшін алғыс айтты.

р

«Гидрология мамандары мұндай су тасқыны көптен бері болмағанын айтып жатыр. Бірақ қазіргі жағдайда су тасқыны неден болғанын емес, одан халықты қалай құтқаратынымызды ойлау қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет басшысы Олжас Бектенов зардап шеккендерге көмек көрсету бағдарларын нақты белгілеп берді. Материалдық көмекке мұқтаж адамдар оны дереу алады. Біз, қостанайлықтар, Әулиекөл ауданында болған өрт кезінде Президентіміздің тапқырлығына куә болған едік. Ол дереу оқиға орнына ұшып, халықты тыныштандырды, ал зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді. Бұл жолы да барлығы ойдағыдай болады. Халыққа келтірілген шығын міндетті түрде өтеледі», деді Ұлттық құрылтай мүшесі.

ш

Серік Бектұрғанов осынау қиын сәтте ел арасында өзара түсіністік пен бірлік тек нығаюы керек екенін алға тартты.

р