Үкімет • 08 Сәуір, 2024

Өңір жұртшылығынан өтінім қабылдана бастады

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына барды.

Өңір жұртшылығынан өтінім қабылдана бастады

Фото: astanatv.kz

Облыс орталығында вице-премьер Елек өзенінің жағасында орналасқан су басқан «Эко» және «Көктем» бау-бақша ұжымдарының тұрғындарымен кездесті. Жиналғандарды мазалаған басты мәселе – материалдық шығынның қалай өтелетіні болды. Серік Жұманғарин адамдарды су тасқынынан болған барлық материалдық шығын өтелетініне сендірді.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірде арнайы комиссия құрылғанын, оның мүшелері зардап шеккен тұрғындардың тиісті өтініштерін қарап жатқанын айтты. Облыста 689 сая­жай үйі су астында қалып отыр.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Ақтөбе су қоймасын тексерді. Су тасқыны кезеңінде жобалық қуаты 245 млн текше метр бола тұра, су қоймасына 485 млн текше метр еріген қар суы жиналды.

Жедел штаб отырысында жұмыс сапарының қорытындылары мен инспекция нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар жоспары анықталды.