Тағзым • 07 Сәуір, 2024

Мәңгілік ғұмыры басталды

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаралы хабарды жеткізу мұншама қиын болар ма? Аяқ­астынан қатерлі дертке бой алдырып, таяуда ғана Түркияда ота жасатып келген соң, Астанада ем алып жатыр еді... Ардақты досымыз, жазушы, саяхатшы, Қазақстан Жазушылар одағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы сыйлығының лауреаты Серік Байхоновқа уақыт болыпты...

Мәңгілік ғұмыры басталды

Фото: rast.kz

1973 жылы жиырма жасында тұңғыш хикаяты «Жалғасым ме­нің – жалғасым менің» «Жалын» журналында жарияланып, жазушы ретінде қатарынан ерте таныл­ған Серік Байхоновтың «Ең ыстық маусым», «Қос шатырлы үй», «Сал үстіндегі маусым», «Құйылыста», «Ғажапстанға сая­хат», «Алтай Асу», т.б. көптеген әңгіме, хикаят, роман және саяхат кітабы жарық көрген. Ол қазақ телевидениесі арқылы танылған «Жігіттің сұлтаны», «Тайбурыл», «Сиқырлы қазан», «Қазақтың Қажымұқаны» республикалық конкурстық бағдарламаларының авторы болды. Секең кәсіби саяхатшы ретінде «Сал үстіндегі маусым», «Аралға – араша», «Арналарға тіл бітсе», «Өсімдіктер желісіне саяхат», «Бетпақдала – шөл емес» экспедицияларын басқарды.

Қаралы хабарды құлағым естісе де, көңілім сенбей, «қош, бақұл бол» деуге ернімнің икемі келмей отыр. Өмірі өмірімізбен біте қайнасқан қаламгер досымыздың фәнидегі сапары аяқталып, мәңгілік ғұмыры басталды...

 

Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ,

ақын