Қазақстан • 08 Сәуір, 2024

Жыл басынан бері іздеуде жүрген қанша қылмыскер ұсталды?

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері іздеуде жүрген 38 қылмыскер табылған, деп жазады Egemen.kz. 

Жыл басынан бері іздеуде жүрген қанша қылмыскер ұсталды?

Ұсталғандардың жартысы шет елдерден табылған, деп хабарлайды Polisia.kz .

Олардың жартысы ТМД-дан тыс елдерде: Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, БАӘ және Польшада, қалған жартысы көршілес елдерде: Ресей, Қырғызстан, Грузия және Өзбекстанда табылған.

Аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер БАӘ-ден экстрадицияланды. Ол 2010 жылы Алматы қаласындағы банктердің бірінде алаяқтық жолмен 294 миллион теңге несие алып, жымқырған. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Сонымен қатар, Польшада Интерполдың сұрауы бойынша Ішкі істер министрлігі 2016-2019 жылдар аралығында Астана қаласында директор және бас есепшімен бірге ЖШС бірінде есепші болып жұмыс істеген қылмыскерді ұстады. 400 миллион теңгені заңсыз иемденген», дейді ІІМ Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетов.