Қоғам • 08 Сәуір, 2024

«Балалары аш отырған»: Қарағандыда екі қызын тұншықтырып өлтірген ана туралы тың дерек шықты

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Теміртау қаласынан 15 минуттық жерде орналасқан Гагаринское кентінде 21 жастағы әйел екі кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген. Бүгін іске қатысты жаңа дерек пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Балалары аш отырған»: Қарағандыда екі қызын тұншықтырып өлтірген ана туралы тың дерек шықты

Фото: Виктор Федюнин

Instagram желісінде тараған жазбаға сәйкес, туған анасы екі қызын - екі жасар Миа мен төрт жасар Каринаны тұншықтырып өлтірген. Анықталғандай, жас ана қыздарына ұзақ уақыт бойы тамақ бермеген. Ақыры белгісіз уақыт бойы аш отырған балалар анысының қолынан ажал құшты. Ира есімді 21 жастағы әйелдің алты айлық үшінші қызы да бар, алайда ол оған қол тигізбеген.

«Оқиға 4 сәуір күні болған. Ира дәл сол күні түскі ас кезінде балаларды тұншықтырып өлтірді. Олар анасынан тамақ сұрап, мазасын алған-мыс. Қыздардың мәйітін келіншекпен бірге тұратын ер адам тауып алды, Ира болса оны кешке дейін күтіп, қыздар белгісіз себептермен өздері көз жұмғанын айтты. Сол кезде ер адам полиция қызметкерлерін шақыруды жөн көрді. Қыздардың анасы полицейлерді де жаңылыстырғысы келіп, балалар белгісіз заттан уланғанын алға тартты. Үй ішін қарап шыққан полиция қызметкерлері ас үйде ыстық тамақ түгілі, бір үзім нан да болмағанын көрген», делінген видеода.

Қыздар ұзақ уақыт бойы тамақ ішпегенін ешкім білмеген. Көршілері бұл отбасыға картоп та ұсынған кездер болды, алайда жағдай тым күрделі екенін аңғармаған. 

Еске салайық, 4 сәуірде Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында 21 жастағы әйел 2 және 4 жастағы қыздарын тұншықтырып өлтірген.

Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше