Қазақстан • 08 Сәуір, 2024

Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қосымша рейстерді енгізу туралы шешім Атырау облысындағы су тасқыны жағдайына байланысты қабылданды. Жолаушылар арасында аталған бағыт бойынша сұраныстың артқаны байқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдан Атырауға қосымша әуе рейстері ашылды

«9 сәуірде Air Astana әуе компаниясы KC 8770 және KC 8780 қосымша рейстерін Алматыдан Атырауға және кері қарай Airbus A321 ұшағымен орындайды. Ұшақтың сыйымдылығы - 179 орын. Алматыдан Атырауға ұшатын рейс сағат 17:00-де орындалады. Кері рейс сағат 21:15-те болады», делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Әуе билеттерін авиакомпанияның сайтында, Air Astana қосымшасында немесе брондау және ақпарат орталығынан сатып алуға болады.

Сондай-ақ «Air Astana» әуе компаниясы гуманитарлық көмекті тегін тасымалдайтынын қоса хабарлады. 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55