Қоғам • 08 Сәуір, 2024

Қазақстанда су ресурстары бойынша жаңа мемлекеттік мекеме пайда болады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыруға жауапты «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылып жатыр. Үкіметтің тиісті қаулысы Ашық НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда су ресурстары бойынша жаңа мемлекеттік мекеме пайда болады

фото: abai.kz

Коммерциялық емес акционерлік қоғамның негізгі қызметі – жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология саласында деректер базасын және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді құру. Сонымен қатар жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, цифрлық және картографиялық деректер базасын жасап, басқару.

Жоба 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Үкіметтің қаулысына сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қаржы министрлігі Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің жарғысын бекітеді.

Ұйымды әділет органдарында тіркеу, мемлекеттік тіркеу, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру және ұйымның мүдделерін үшінші тұлғалар алдында ұсынып, құжаттарға қол қою үшін тұлғаны таңдауы тиіс.