Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Уақытша паналау орындарында 1 636 адам бар

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында су басу қаупі бар жерлерден 10 мың 138 тұрғын (оның 4077-і бала) эвакуацияланып, 10 663 бас мал қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі кезде уақытша паналау орындарында 1 636 адам тұрып жатса, оның 689-ы бала. Әзірге қауіп жоқ, 2 536 адам өз үйіне оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Уақытша паналау орындарында 1 636 адам бар

Ақтөбе облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы Нұрбек Оралбаевтың хабарлауынша, 25 наурыз-6 сәуір аралығында өңірде 1 061 тұрғын үй, 689 саяжай үйлері мен 46 ғимаратқа су кірген. Күн күрт жылынып, қар еріген 21 наурыздан бастап, көшелерден 1 млн 360 мың текше метр су сорылып, 157 мың қапшық, 300 мың тонна инертті материал жеткізілген. Су басу қаупі бар аймақтардан адамдарды құтқаруға Полиция департаменті, ТЖД-нің жеке құрамы, Ұлттық ұлан жауынгерлерінен 1 364 адам жұмылдырылып, 247 бірлік техника, 200 бірлік жүзу құралдары, екі су соратын қондырғы пайдаланылды.

Наруыздың соңғы күні Ойыл-Қобда тасжолын тасқын су бұзып кеткендіктен, Ойыл ауданы тұрғындары қатынассыз қалды. Адамдар мен көліктерді понтонды өткелмен жеткізу үшін Ақтөбе облысына Қорғаныс министрлігі инженерлік тобының әскерилері келіп, 6 сәуірден бастап Ойыл ауданының 427 тұрғынын өткізді, 400 кг азық-түлік жіберді.

л

Өткен тәулікте Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Ақжар, Жилянка тұрғын үй алаптары мен Садовое, Солнечное, ЭКО бау-бақша ұжымдарына су басу қаупі төніп, осы аумақтан 76 адам эвакуацияланды, оның 25-і бала. Олар қазіргі уақытта қаладағы №71 орта мектептегі уақытша орналастыру орнында жатыр.

 

Ақтөбе облысы