Аймақтар • 08 Сәуір, 2024

Тасқын су Атырау қаласына екі ауылдың тұсынан кіруі мүмкін

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жайық өзенінің суы Атырау қаласына қай тұстан кіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тасқын су Атырау қаласына екі ауылдың тұсынан кіруі мүмкін

Фото: azh.kz

Облыс әкімінің айтуынша, Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласы тасқын су басу қаупі бар аймаққа жатады.

«Қазір алдымен нақты мына ауылды су басады деп айта алмаймыз. Су мүлдем күтпеген жақтан келуі мүмкін. Қазір Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласы су басу қаупі бар аймақтарға жатады. 1994 жылғы деректерге сүйенетін болсақ, тасқын су Атырау қаласына Бесікті және Дамбы ауылдары арқылы кіруі мүмкін», деді Серік Шәпкенов.

Әкімнің дерегіне сүйенсек, Жайық өзенінде геодезиялық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мамандар қауіпті учаскелерді анықтайды. Сол учаскелерді бойлай жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізіліп, бөгет салынады.

«Тасқын судың қаупін дұрыс бағалау керек. Судың жолын бөгеуден ешқандай пайда жоқ. Сол себептен, тасқын суды Каспий теңізіне құятындай бұруымыз қажет», деп мәлім етті Серік Шәпкенов.