Өрт аумағы шамамен 1000 шаршы метрге жайылған.
«Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді. Өрт аумағы - шамамен 1000 шаршы метр. Өртті сөндіру резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатып жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.