Оқиға • 09 Сәуір, 2024

«Ақжайық» қоры 80 млн теңге қаражат жинады

132 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында тасқын су зардабын жою мақсатында өңірдің үкіметтік емес ұйымдары, соның ішінде «Батыс Қазақстан облыстық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ақжайық» қоры арқылы қаражат жинай бастаған еді. Алғашқы он күн ішінде 80 815 939,1 теңге жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақжайық» қоры 80 млн теңге қаражат жинады

Бүгін «Ақжайық» қоры халықтан жиналған қаржының есебін жариялады.

«2024 жылғы 28 наурыз – 8 сәуір аралығында қор есеп шотына бизнес өкілдерінен 63 115 303,3, жеке тұлғалардан 226 500, мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ұйым қызметкерлерінің бір күндік жалақысы есебінен 12 171 777, мемлекеттік емес ұйымдардан 5 302 358,76 теңге қаражат түсті», делінген қор таратқан баспасөз парағында.

Қазіргі таңда «Ақжайық» қорының есепшотында 80 815 939,1 қаражат жиналды. Тасқын салдарынан зардап шеккендерге қаржылай көмек жинау ісі жалғаса береді.

Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық альянс президенті Аслан Тапишев су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға келіп жатқан гуманитарлық көмек туралы айтып берді.

Қазір «БҚО Азаматтық Альянс» бастамасымен гуманитарлық көмек жинау штабы ашылған.

Орталық Орал қаласы ақпараттық технологиялар колледжінде - Каримуллин көшесі, 2/1А мекенжайында (Омега зауыты аялдамасы) орналасқан.

Қазіргі таңда гуманитарлық көмек төтенше жағдай жарияланған Орал қаласы, Сырым, Қазталов, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі аудандарына жеткізіліп жатыр.

Көмек көрсету штабы облыс бойынша құрылған 27 эвакобекеттің қажеттелігін есептеп, ондағы тұрғындарға не қажет екенін жылдам анықтау мақсатында арнайы инстаграм парақшасы мен колл-орталық ашты.

Бүгінге дейін бүкіл елімізден қолдау-көмек келіп жатыр. Бұл іске жергілікті кәсіпкерлер, ірі компаниялар, қала тұрғындары, партия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, этно-мәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, жастар ресурстық орталықтар өкілдері атсалысып жатыр.

Соның ішінде «Sun City», «Petro-Unit» сияқты ірі компаниялар, «Salut Orto KZ», «ИнвестПроджект» ЖШС-тері, «Орал сүт зауыты», «Сулейменова» ЖК, «SBS Grup», «Отдел строй» компаниясы, «ART STROY SERVİS 07», «Salut Orto KZ» ЖШСлар, «Элион» тіс емханасы, «ЖелаевНАН», «Faberlic» компаниясы мен жергілікті кәсіпкерлер де шет қалып жатқан жоқ.

«Biz BIRGEMIZ» қайырымдылық қоры қайық, матрас, мотосорғы және азық-түлік көмегін жіберді.

«ASAR UME» қайырымдылық қорының күшімен Қаратөбе, Бөрлі, Казталов, Сырым аудандарына моторлы қайық, резеңке етік, мотосорғы алынды.

Сондай-ақ аудандардағы кәсіпкерлер, облыс еріктілері, спортшылар, такси және газель жүргізушілері көмектесуде.

Қаратөбе ауданы кәсіпкерлері, облыстық «Аманат» партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» ҚБ филиалы, «Тарихи шежіре» республикалық ұйымы және т.б. қалыс қалмады.

Жалпы, су тасқыны басталған сәттен бастап зардап шеккен халыққа 256 тонна гуманитарлық көмек көрсетілген. Оның 230 тоннасы - азық-түлік, 22 тоннасы - басқа да қажетті тауарлар және 4 тоннасы - дәрі-дәрмек.

Төтенше жағдай департаменті мен БҚО қоғамдық даму басқармасы халықты ресми ақпаратпен қамту мақсатында арнайы ақпараттық штаб құрды.

Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету және түрлі қорларға түскен қаржыны бөлу жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамында Қоғамдық кеңестердің өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени орталықтардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың және т.б. өкілдері бар.

Қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге 2 500-ден астам ерікті белсенді көмек көрсетіп жатыр.