Аймақтар • 09 Сәуір, 2024

Ақтөбе облысында зардап шеккен ауыл тұрғындары аудан орталығына көшіріледі

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны салдарынан үйсіз қалған Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғындары үшін аудан орталығында жаңа баспана салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында зардап шеккен ауыл тұрғындары аудан орталығына көшіріледі

Су тасқыны кезінде Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің Қаратал ауылы мен Ойыл ауылдық округіне қарасты Екпетал ауылы тұрғындарының үйлеріне су кірген. Салдарынан Екпетал ауылындағы барлық үйлер тұруға жарамсыз болып қалды. Облыс орталығынан 5 шақырым жерде орналасқан ауыл тұрғындары енді Ойылдың өзіне қоныстанбақ. 

«Су басқан ауылдың тұрғындары эвакуацияланып, облыс орталығына жеткізілді. Енді Ойылдың өзінде Екпетал ауылының тұрғындарына үй салуды жоспарлап отырмыз. Тұрғындар өз келісімдерін берді. 482 - 690 учаскелер арасындағы аумақта тұрғын үй құрылысы үшін бос орындар бар. Тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымы, яғни газ, су толық қамтылған. Осы аумақтарда Екпетал кентінің тұрғындары үшін тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз», деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.

Сонымен қатар Ойыл ауданында 1500 адамдық мектеп пен 90 адамдық балабақша салуға жер телімі де қарастырылғаны қоса хабарланды.

Еске сала кетейік, 29 наурызда Ойыл ауданында төтенше жағдай режимі енгізілген еді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ

ЕҰУ студенті