Фото: Елена Бережная
«Сергеев су қоймасының сыйымдылығы 182%-ға жетті. Есіл өзенінің жағалауында кептеліс жоқ. Су қоймасына аққан су 425 сантиметрді құрады. Сондықтан 3 аудан мен Петропавл қаласын су басу қауіпі төніп тұр», деді әкім орынбасары.
Оның айтуынша, жағдай бақылауға алынды. Бірақ 220-ға жуық елді мекен су астында қалуы мүмкін.
«Қар жамылғысы 30%-ға дейін жетеді. Әлі де 219 елді мекенді су басу қауіпі жоғары. Қазірдің өзінде 40 үйдің 13-ін су басып қалған. 286 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтарылды. Тағы 111 үйдің маңын су басты», деп түсіндірді Қанат Дүзелбаев.