Қоғам • 09 Сәуір, 2024

«Жер бетіне қалқып шыққан»: Құлсарыда ер адамның мәйіті табылды

6399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәйітті су тасқынымен күресіп жатқан құтқарушылар тауып, жергілікті полицияға тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жер бетіне қалқып шыққан»: Құлсарыда ер адамның мәйіті табылды

Фото: Атырау ТЖД

Атырау облысының Жедел жәрдем басқармасы хабарлағандай, бүгін күндізгі сағат 12:27-де құтқарушылар Жылыой ауданының Құлсары қаласында ер адамның мәйітін тауып, оны полицияға тапсырған. Бұл туралы Qaz365.kz порталы ақпарат таратты.

Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты келесі түсініктеме берді: «Су тасқыны салдарынан қабірде жатқан адамның денесі жер бетіне қалқып шыққан».