Өнер • 10 Сәуір, 2024

Әнші Димаш Құдайберген тасқыннан зардап шеккен туған жеріне 15 миллион теңге аударды

1602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге барды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әнші Димаш Құдайберген тасқыннан зардап шеккен туған жеріне 15 миллион теңге аударды

Ол саяжай аумағында тұратын, бірақ қазір баспанасын тастап 40 мектепте уақытша тұрып жатқан тұрғындармен кездесті. Осылайша, қиын сәтте жерлестерімен бірге екенін жеткізіп, қайырымдылық қорына қаржы аударды.

Kazinform жазғандай, елімізде су тасқыны басталған кезде халықты сабырға шақырып, өзінің қай сәтте де қолдауға әзір екенін жеткізген әнші Димаш Құдайберген бүгін Ақтөбе облысына барды. Ол алдымен баспанасына су кірген қамкөңіл жерлестеріне демеу болып, олардың жанынан табылды.

Жылы сөзін арнап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде елдегі атқарылып жатқан істерге тоқталды.

«Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүрсін деген тілек тілеп жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын», – деді әнші.

Өзі де игі істен шет қалмай, туған жеріне сапары барысында қайырымдылық қорға ақша аударды.