Ел арасында бұл мүйіске қатысты түрлі қауесет бар. Өйткені Атлант мұхитының осы аймағында талай кеме мен ұшақ із-түзсіз жоғалып кеткен. Дегенмен осы аралдар маңында теңіздің әдеттен тыс алабөтен мінез көрсететінін бірнеше ғасыр бұрын Османлы мемлекетінің теңізшілері айтып кеткен-ді. Әлем жұртшылығы Бермуд үштағанындағы тылсым құпияны өткен ғасырдың бел ортасында ғана білді.
Қара құрдым
Ғаламдағы жұмбақ құрылымның бірі – қара құрдым. Бұл – жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын жібермей, өзіне тартып алатын, массасы өте ауыр жұлдыз дене.
Оның өлшемі жоғары. Тартылыс күшінің өрісі тым жойқын болғандықтан ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады дейтін жарық радиациясы да одан қашып құтылмайды. Оны тіке бақылау мүмкін емес. Бірақ жанама тәсілдер арқылы оның бар екенін, басқаларға қаншалықты күш түсіріп жатқанын зерттеуге болады. Бірақ ғалымдар оны тылсымға толы ғарыштық құбылыс деп бағалайды.
Бен-бен пирамидасы
Мыңдаған жылдар бойы ғалымдарды таңғалдырып келе жатқан дүниенің бірі – Бен-бен пирамидасы.
Қазір құнды жәдігер Мысыр мұражайында тұр. Пирамида қара тастан жасталған. Бірақ қара тасты ғалымдар ғарышта ғана кездеседі деп айтады. Оның құрамдас бөлігі жер бетінде жоқ. Бүгінге дейін пирамиданың бұрыштары дәлдікпен қалай кесілгені анықталған жоқ. Кейбір сарапшылар оны метеориттер құлағаннан кейін пайда болған дейді. Қысқасы, Бен-бен пирамидасы әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.