Оқиға • 10 Сәуір, 2024

Сауда орталығында жүрген жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (видео)

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақтөбе» сауда орталығында әскери комиссариат қызметкерлері әскерге шақырылғандарға рейд ұйымдастырды. Желіде әскерилер ақтөбелік азаматты күштеп әскерге алмақ болған видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда орталығында жүрген жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (видео)

фото: видеоскрин

Бейнежазбада екі ер адам жас жігітті ұстап, есікке қарай сүйреген. Жас жігітке қаланың тұрғындары көмекке келген.

«Бүгін екі ер адам бір жігітті әскерге күштеп әкетпек болған. Бұл қаншалықты заңды? Жас жігітке сол жерде жүрген адамдар көмектесті», деп жазды видео авторы.

Облыстық қорғаныс істері департаменті қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Осы жағдайға байланысты Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері қосымша хабарланады», деп жауап берді департамент өкілдері.