Фото: Видеоскрин
Гуманитарлық көмекті бастап келген Қырғыз Республикасы министрінің орынбасары Урматбек Шамырқанов бауырлас елден қазақ еліне 300 тонна жеткізілгенін, соның ішінде Атырау облысына 80 тонна келгенін атап өтті.
Қазіргі уақытта 4 фураға тиелген азық-түлік, жылы киім-кешек, жатын орын төсектерін және жылыту құралдарын Жылыой ауданына жөнелту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.