Фото: видеоскрин
«Осындай қиын сәтте бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір-бірімізге көмек көрсетіп жүруге жазсын. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазір бізге бірлік керек. Сабыр сақтау керек. Құдайдан үлкен үміт пен жақсылық тілейік», деді Димаш.
Құлсары тұрғындары әншінің жанашырлығына риза болып, алғыстарын айтты. Ал Димаш өз кезегінде жылы сөздері мен тілегін арнады.
«Мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін жаңалықтардан оқып жатырмын, мен де Президентімізге сіздермен бірге сеніп отырмын. Бүгін осы жерге келуімізге осындай жағдай себеп болса, алдағы уақытта тек қуанышты сәттерде кездесе берейік», деді Димаш Құдайберген.