Салық • 11 Сәуір, 2024

Сұлтанбек Мәкежанов Салық кодексі нормаларының тиімділігін жақсарту тетіктерін ұсынды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов еліміздің Премьер-министрінің атына депутаттық сауал жолдап, жаңа Салық кодексіне қатысты ұсынысын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Сұлтанбек Мәкежанов Салық кодексі нормаларының тиімділігін жақсарту тетіктерін ұсынды

Сенатордың айтуынша, депутаттар бизнес қауымдастығының өкілдерімен және еліміздің азаматтарымен бірге қолданыстағы Салық кодексінің проблемалық мәселелерін талқылау жөнінде бірқатар кездесу өткізді. Ондағы ең жиі көтерілетін мәселелердің бірі – «Е-Тамга» ҚҚС-төлемдер жүйесін енгізу, ол уақтылы төлеу, бақылау шараларын қысқарту және ҚҚС-ты автоматты түрде қайтаруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ұсыныстар қатарында құрамында қант бар сусындарға акциздер енгізу де бар. Зиянды өнімдерді тұтынуды азайту және бюджет кірісін арттыру басты міндет болып отыр.

«Әлеуметтік сала экономикадағы сезімтал салалардың бірі екенін ескере отырып, оған КТС мөлшерлемесін 10%-дан аспайтын етіп белгілеуді ұсынамыз. Бұл ретте өз құрылтайшыларына дивиденд төлеу құқығы берілуі керек. Сондай-ақ ҚҚС әкімшілігін реформалау мәселесін қарастыру маңызды, өйткені қолданыстағы тәртіп электрондық шот-фактуралар негізінде салықты басқару салықтық алшақтыққа әкеледі. Осыған байланысты «Е-Тамга» ҚҚС-төлемдер жүйесін енгізу қажет. Сонымен қатар жақында камералық бақылау бизнес пен салық органдары арасындағы көптеген дауға әкеліп соқтырады. Бұл шын мәнінде қашықтан салық тексеруі болып саналады. Осыған байланысты заң бұзуды жою туралы хабарлама тұжырымдамасын ықтимал алшақтықтың алдын алу туралы тұжырымдама бойынша қайта қарастыру керек. Зейнетақы төлемі кезінде ЖТС салу бойынша мәселені қайта көтеру керек», деді сенатор.