Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

Мамыр ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданы Мамыр ауылдық округінің тұрғындарын Қорғаныс министрлігіне қарасты Т. Бигелдинов атындағы  Әуе күштері институтының ұшқыштары  эвакуациялады. Қазір Ырғыз ауданы орталығына Мамыр ауылынан 33 адам жеткізілді, онң 24-і бала, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мамыр ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Су тасқынына байланысты  эвакуацияланған тұрғындар үшін Ырғыз елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №1 және №2 мектеп ғимараттары және  аудандағы спорт кешенінде орындар дайындалды.

Мамыр – Ырғыз ауданының ең шеткі ауылдарының бірі, мұнда 200-ге жуық адам тұрады.  Торғай өзені бүгін түстен кейін арнасынан асып, ауылға кіре бастаған.

М                                                           

Ақтөбе облысы