Оқиға • 14 Сәуір, 2024

Құлсарыда су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы көз жұмды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та ТЖД күштерімен 2000 жылы туған жігіттің денесі өз тұрғын үйінен 1 км қашықтықта 1,5 м тереңдікте су астынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құлсарыда су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы көз жұмды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Айта кетейік, 6 сәуір күні Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі мен 2000 жылы туған баласы су басқан үйін көруге барған болатын.

«Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап, тұрғындарды эвакуациялау жұмысына қарамастан іздестіру жүргізген болатын.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 40 жеке құрам, 1 бірлік техника, 6 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды», делінген Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.