Ауа райы • 14 Сәуір, 2024

Жаңбыр, қар, найзағай. Ел бойынша 15 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК 15 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңбыр, қар, найзағай. Ел бойынша 15 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.

- Атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-дың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы әлі де сақталады. Еліміздің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түсу, қатты жел сынды ортақ табиғи құбылыс сипат алады, әсіресе еліміздің оңтүстігінде қатты жел соғады, - деп жазылған "Қазгидромет" хабарламасында.

Сондай-ақ алдағы үш күнде Қазақстанның ірі үш қаласында да жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел соғады деп болжанады.