Экономика • 15 Сәуір, 2024

Ел азаматтарының айлығы орташа жалақы мөлшерінен аз болып шықты

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Finprom.kz қаржы агенттігі жүргізген есепке қарағанда, ел тұрғындарының 2023 жылы алған айлық мөлшері орташа жалақы көлемінен 4 есе аз екені анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Ел азаматтарының айлығы орташа жалақы мөлшерінен аз болып шықты

Фото: atpress.kz

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болып бекітілген еді.

2022 жылы Қазақстанда модальді жалақы орташа деңгейден 4,5 есе аз болды. Соған қарамастан, 2022 жылы елдегі модальді жалақы 18,4%, ал 2023 жылы 18,7%-ға өсті. Алайда инфляцияны ескерсек, көпшілік алатын айлық өткен жылы небәрі 1,6%-ға өсті.

Модальді жалақы - Қазақстанда ең көп таралған жалақы, яғни, ел тұрғындарының басым көпшілігі алатын табыс мөлшері.

Модальді жалақының ең көп мөлшері тау-кен өнеркәсібінде (417,7 мың теңге), IT және байланыс саласында (297,5 мың теңге), логистикада (295,8 мың теңге) тіркелді.

Ресми статистикаға сүйенсек, 2023 жылы Қазақстандағы жалдамалы жұмысшылардың 60 пайыздан астамы айына 300 мың теңгеден төмен жалақы алған.