16 Маусым, 2010

АҚЫННЫҢ ЖЫР КЕШІ

865 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбедегі “Достық” үйінде өткен Есенбай Дүйсенбайұлының шығар­­машылық кешіне өлеңсүйер қауым көп жиналды. Кешті ақын Мейірхан Ақдәулетұлы жүргізді. Ақын Ертай Ашықбаев Есенбай Дүйсенбайұлының шығармашылығы  туралы тереңнен қозғай келіп “Ең бас­ты қазығы – поэзия. Ең нәзік, ең адал, ең мейірімді, ең сұлу поэ­зия. Қа­лың оқыр­манын ең ал­ғашқы кіта­бы­мен-ақ мойын­датқан ақ­ындар өте сирек. Есенбай Дүйсен­бай­ұлы сол си­рек­­тер­дің бірі”, – деп ой тұжырым­дады. 1971 жылы жарық көрген “Боз­бала таң мен бозторғай” деп атала­тын өлең­дер жинағынан кейін ақын қалың оқыр­манына әр жылдары “Ақ пейіл”, “Ұланғайыр”, “Ашық ас­пан”, “Ақжел­кен­­­ді ағыстар”, “Біздің толқын” , “Аш­­­ық хат” жинақтарын ұсы­нып, жауһар жырмен сусын­датқаны белгілі. Кешке ақынды құттықтау үшін Астана мен Алматыдан келген  жа­зушы, жерлесіміз Қажығали Мұқан­бетқалиев пен Мырзағали Іңірбаев оның шығармашылық сәттерінен сыр сабақтады. Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың сәлемін жет­кі­зіп, облыс басшысының  атынан Ес­ен­­бай ақынның иығына шапан жауып, темір тұлпардың кілтін табыс етті. Ақынның кіндік қаны тамған Бай­ға­нин ауданының әкімі Бердіхан Кеме­шов  те ақынға лайықты құрмет көрсетті. Кеште Есенбай Дүйсенбайұлы өз өлеңдерін оқыды. Өлең-өмірін боз­­ала таң мен бозторғай болып өрнек­теген  ақын  туған жеріне, Ақтөбе­сі­не деген сағынышын жүрегінің жылы ағысына орап  ұсынғандай әсерге бөледі. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.