Пікір • 15 Сәуір, 2024

Зорлық-зомбылықты азайтады деп сенеміз - Дархан Қыдырәлі

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң төңірегінде өз ойын білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Зорлық-зомбылықты азайтады деп сенеміз - Дархан Қыдырәлі

Фото: egemen.kz

«Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңдарға қол қойды. Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғаны белгілі. Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Заң әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылықты азайтады деп сенеміз», деп жазды сенатор әлеуметтік желіде.