Оқиға • 16 Сәуір, 2024

32 адам тойға барып уланып қалды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 сәуірден бастап Екібастұздағы қалалық ауруханаға улану белгілерімен жүгінген шағымданушылар жиілеген. Анықталғандай, науқастар 13 сәуір күні қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен іс-шараға қатысқан, деп жазады Egemen.kz.

32 адам тойға барып уланып қалды

Фото: flectone.ru

Осындай шағыммен 32 адам дәрігер көмегіне жүгінген.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, улану бойынша жаппай ауруханаға жүгінушілердің сырқат белгілері бірдей: бірнеше рет құсу, айқын әлсіздік, іштің ауруы, дене қызуының жоғарылауы.

«Емделушілер қабылдау бөлімшесінде қаралғаннан және шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін (асқазанды шаю) инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. 14 сәуірден 15 сәуір сағат 17:00-ге дейінгі аралықта 32 адам жүгінді, оның төртеуі ауруханаға жатудан бас тартты, қалғандары емделіп жатыр. Қазір науқастардың жағдайы орташа ауыр», делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улану дерегі бойынша мейрамхананы тексерістен өткізе бастады. Тиісті амалдар ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүргізіліп жатыр.